1,5 миллион теңге: бірреттік көмекті кімдер алады?

Қызылордалық соғыс ардагерлері Жеңіс күніне орай 1,5 миллион теңгеден алады. Өңірде Ұлы отан соғысының 6 ардагері бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаевтың айтуынша, тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілгендерге 138 мың теңгеден төленеді.

"Облыста 6 соғыс ардагерінен бөлек, оларға теңестірілген 4 177 адам бар. Бәріне мемлекет тарапынан ай сайын орта есеппен 178 мың теңге зейнетақы, 55 200 теңге көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп келеді", - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, Жеңісті жақындатқан ерен еңбегі үшін КСРО-ның орден-медалін алған 10 адамға 207 мың теңгеден көмек тағайындалып отырғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Қазақстанда бір жылда 125 ардагер өмірден өткен. 

Еске салайық, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері биыл ардагерлерге шамамен қанша теңгеден берілетінін, қандай көмек көрсетілетінін айтқаны хабарланған еді. Сондай-ақ, Қазақстанда Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне қанша берілетіні белгілі болды.

Досаев алматылық ардагерлерге Жеңіс күніне орай қанша теңге берілетінін айтты

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!