Қазақстанда Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне қанша теңге беріледі?

Қазақстанда Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне қанша теңге беріледі?
Фото: newsmir.info

Қазақстанда Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қанша ақша берілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгінде Қазақстанда 237 ардагер тұрып жатқанын айтты.

"Бүгін таңертең қарадым, 237 адам. 9 мамырда оларға материалдық ынталандыру төленеді. Бірдей мөлшерде, бірақ кей жерде көп болуы мүмкін. Әкімдіктер ұсынысы бойынша 1,5 миллион теңгеден кем емес", - деді министр Мәжіліс отырысы кулурында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова