Назарбаев сайлауда дауыс берді

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Еске салайық, бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс беріп үлгерді.  

Соңғы мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың 14,21 пайызы дауыс беріп үлгерген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!