Тоқаев сайлауда дауыс берді

Тоқаев сайлауда дауыс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді.

 

Еске салайық, Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Сайлауға 7 саяси партия қатысып жатыр. Бұл ретте Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша 609 кандидат ұсынылды, оның 525-і өзін-өзі ұсынушылар. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда 12 миллион 32 мың 550 адам дауыс бере алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина