Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды

Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сайлауға 7 саяси партия қатысып жатыр. Бұл ретте Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша 609 кандидат ұсынылды, оның 525-і өзін-өзі ұсынушылар. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда 12 миллион 32 мың 550 адам дауыс бере алады.

Елімізде сайлау алдында саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілген. Атап айтқанда, тіркеу шегі төрт есеге, 20-дан 5 мың мүшеге дейін төмендетілді. 600-ден 200 адамға дейін партиялардың өңірлік өкілдіктерінің ең аз саны қысқарды. 

Алғашқы саулау учаскелері Сеул мен Токиода ашылды. Шетелдегі барлық сайлау учаскесі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумағында ұйымдастырылған.

Сеулде сайлауда дауыс берген алғашқы қазақстандық курсант Елнұр Асанов болды.

"Мен бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін. Трансформация біздің мемлекетіміз үшін қажет, ол елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді! Елімізге нығайып, өркендепу тілеймін!" - деді Елнұр Асанов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина