"Ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін". 112 жастағы Алтынхан апа дауыс берді

"Ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін". 112 жастағы Алтынхан апа дауыс берді

Жетісу облысында ең қарт анасы өз дауысын берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубайқызы Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары қалмай өз даусын берді.

Жасы жүзден асқан Алтынхан әжей ақ бастасын беріп, сайлаудың Қазақстанның келешегі үшін маңызды екенін айтып, елдің, жердің тыныштығын тіледі.

"Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсадық. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Сайлауда еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бей-жай қарамаған жөн. Еліміз аман жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін", - деді қарт анамыз.

Еске салайық, бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс беріп үлгерді.  

Соңғы мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың 14,21 пайызы дауыс беріп үлгерген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина