Путин Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі

Путин Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі
Фото: ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин жүрегіне операция жасаған Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

"Президент ота жасатқан Нұрсұлтан Әбішұлының тезірек сауығып кетуін тілейді. Мәскеудегі біз де оның тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деп хабарлады Дмитрий Песков.

Еске салайық, бүгін, 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалып, сәтті өткенін өміріне қауіп төніп тұрмағаны хабарланды.

Ота Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен өткен. Кейін Юрий Пян Назарбаевқа жасалған операция туралы айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан