Ресми: Назарбаевтың жүрегіне операция жасалды

Ресми: Назарбаевтың жүрегіне операция жасалды
Фото: Тengrinews

Қазақстан Республикасының экс-Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-парақшасында бөлісті.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Ота сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол қазір бақылауда. Ота Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында белгілі кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен өтті", - деп жазды ол парақшасында. 

 

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы дүниеге келген. Қазір ол 82 жаста. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек