Дәрігер Назарбаевқа жасалған операция туралы айтты

Дәрігер Назарбаевқа жасалған операция туралы айтты
Фото: elbasy.kz

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы хирургия бөлімінің директоры Юрий Пя Нұрсұлтан Назарбаевқа жасалған операция туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Операция былтыр жоспарланған болатын. Оның бос болмауына байланысты оған ыңғайлы кезде өткізуді шештік. Бүгін операция жасауды ұйғардық. (...)

Әрбір адам ақпаратты жарияламауға құқылы. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше тұлға болғандықтан, сұрақтардың бір бөлігіне жауап бере аламыз. Бүгін болған нәрсе - жоспарланған операция. Ол сәтті өтті. Бізде мақтануға тұрарлықтай нәрселер бар. Ел медицинасына деген сенім азаматтарда ғана емес, ел басшылығында да бар", - деді Юрий Пя кардиохирургия орталығында өткен брифингте.

Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы. Жақын арада шығарылады.

"Операция шамамен 2,5 сағатқа созылды", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова