Ыстамбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Ыстамбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ
Фото: Reuters

Ыстамбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

"Жарылыстан кейін біздің дипломаттарымыз түрік билігімен байланысқа шықты, түні бойы дипломаттарымыз кезекшілікте болды. Зардап шеккендер арасында біздің азаматтарымыз жоқ", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

@massaget.kz ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Еске салайық, жексенбіде түстен кейін Ыстамбұлдың басты туристік көшесі саналатын Истикляльдегі жаяу жүргіншілер жолында жарылыс болды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, жарылыс салдарынан алты адам қаза тапқан. Ыстамбұлдың Бас прокуратурасы оқиғаны тергеуді бастады. Қылмыстық сот оқиға орнынан және әлеуметтік желілерден тікелей хабар таратуға тыйым салды. Кейінірек TRT Haber теларнасы қауіпсіздік қызметкерлері осы оқиғадан кейін арандатушылық мәнде жазба жариялаған 25 қолданушыға қатысты тергеуді бастағанын хабарлады. Түркия билігі алдын ала мәлімет бойынша, бұл жарылысқа әйел кінәлі деп санайды. Алғашында оның суреті жарияланды, кейін күдікті қамауға алынды. 

Ал Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина