Ыстамбұлдың басты туристік көшесінде жарылыс болды

Ыстамбұлдың басты туристік көшесінде жарылыс болды

Ыстамбұлдың Истикляль көшесінде жарылыс болды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NTV сайтына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, жарылыс салдарынан бірнеше адам зардап шеккен.  

Сағат 16.20-да болған жарылыстан кейін ауданға бірнеше жедел жәрдем қызметі және өртсөндірушілер келген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sabah (@sabah)

Аудан қоршауға алынды. Азаматтарға ауданға кіруге тыйым салынды. Жарылыс себебі әзірге белгісіз. Бастапқыда кейбір БАҚ-тар 11 адам зардап шеккенін хабарлады. Кейінірек губернатор Али Ерликай 4 адам қаза тауып, тағы 38 адам зардап шеккенін хабарлаған.

Желіде жарылыс болған сәттің видеосы пайда болды.  

Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина