Төреғали Төреәлі қамауға алынды

Төреғали Төреәлі қамауға алынды

Әнші Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады. 

28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданындағы Ұлттық парк аумағында болған бұзақылық әрекеттер дерегі бойынша ЕҚДБ-да қылмыстық іс тіркелген болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Бүгін 30 қыркүйекте әнші уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Әбдірахманов тергеу істі дұрыс шешу үшін қажет және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтынын атап өтті.  

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысының Полиция департаментінде бақылауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина