Төреғали Төреәлінің жылқыны басынан ұрып жатқан видеосы жұртты шошытты

Желіде Төреғали Төреәлінің жылқыны ұрып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Facebook парақшаларының бірінде пайда болды. Видеода әншінің бағынбай кеткен мінген атын қамшымен ұрып жатқаны көрінеді. 

Желі қолданушылары әншінің бұл қылығын сынға алды.

"Қазақ жылқыны ұрмаған. Өзім құнан үйреткенде мойнынан салып жібергенім үшін атамнан таяқ жедім", "Масқара", "Түске дейін имам, түстен кейін Иван десеңізші", - деп жазған Желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін Қазнетте Төреғали Төреәліден соққы көрдім деген жігіттің видеосы тарады. Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Ал әншіден соққы көрген жігіт оны кешірмейтінін мәлімдеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!