"Неге жылап жатсың?" GGG жеңілісінен кейін қазақстандықтардың эмоциясы видеоға түсірілді

Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Канело Альварестен жеңілгенін қазақстандық бокс жанкүйерлері әртүрлі қабылдады. Бірі аңыздың дәуірі бітті деп күрсініп жатса, енді бірі көз жасын тыя алмаған. Massaget.kz тілшісі Головкиннің жеңілісінен кейінгі қазақстандықтардың эмоциясы туралы топтама жасады.

TikTok-та тараған бір видеода Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда тамашалағандар түсірілген. Ал музыкалық фонға "Еңсеңді көтер, бауырым" деген ән қойылған. 

@abay_seifullin Біз үшін нағыз чемпион ? #ggg #gggcanelo #врек ♬ оригинальный звук - Tokyo_muz

Тағы бір видеода WhatsApp-тағы мессенджерлердің бірінде әйелдің жазбасы көрсетілген. Ол Канелоның жекпе-жектен кейінгі Thank you сөзін түсінбей қалыпты. 

@erdauletovvaa #fypシ#ggg ♬ оригинальный звук - Гульзат Ердаулетова

Тағы бірінде Желі қолданушысы Головкиннің жеңіліп қалса да, күліп тұрғанына риза болыпты. 

@jalgat.98 #ggg #KAZ #GGG #чемпион #казахстан #canelo #ҚАЗАҚ #жеңіс #титул #бой #реванш ♬ оригинальный звук - Carpe diem

Кеше ертеңгісін бәрінде осындай көңіл-күй болған шығар, бәрі бір күрсініп алды. 

@legendaur Все казахи этим утром?? Как ваше настроение??? #головкин #ггг #ggg #казахстан #казахи #канелопроиграл ♬ оригінальний звук - Spotify☁️

Головкиннің жеңілгенін көріп көз жасына ерік бергендер аз емес. Мұнда Қазақстан туын ұстаған қыздың жылағаны жүректі елжіретеді. 

@bahtiarovt #ggg #canelo #tokaev ♬ оригинальный звук - ᴄᴀᴘᴛᴀɪɴ ᴍᴜᴢ

Ал бұл видеода балалары әкесін жұбатып жатыр. "Канело жас қой, төрт белбеуін тартып алса, Генаның дұрыс емес болар еді", - деп жұбатып жатыр балалары. 

Тағы бір тараған видеода жылап отырған қыз түсірілген. "Неге жылап жатсың?" деген сұраққа ол "жеңіліп қалды ғой" деп жауап береді.  

Бұл ағамызға да Головкиннің жеңілісі ауыр батыпты. "Жасы келгенді сыйлау керек" деп жылап жүр. 

Жастардың да қазіргі көңіл-күйі осындай. Себебі бәрі де Головкиннің жеңістеріне үйреніп, нокауттарын көріп өскен. 

"Карьерасын бітіретін кезде жеңіліспен кетіп бара жатыр" деп жылаған тағы бір қазақстандық.

Головкиннің жеңілісінен кейін "аңыздың дәуірі өтті, бірақ біз үшін бәрібір чемпион" деп жазып жатқандар көп. Расымен, Головкин - әлі де әлем чемпионы. Ол орта салмақта IBF, IBO және WBA титулдарының иегері. 

Канелоға қарсы трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын

Одан кейін Сауль Канело Альварес Головкинге алғыс айтқан еді. Головкин де мексикалықтың командасын құттықтап, карьерасы туралы сұраққа жауап берген.

Тоқаев Головкинге телефон шалды

Артынша Головкин Канелодан жеңілісінің себебін түсіндірген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!