"Карьерасын аяқтай ма?" Головкин маңызды сұраққа жауап берді

"Карьерасын аяқтай ма?" Головкин маңызды сұраққа жауап берді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жектен кейін жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын. 

- Трилогиядан кейін карьераң жалғаса ма?

- Әрине, үлкен жоспарларым бар. Көптеген қарсылас қарастырып қойдым. Канело мен барша бокс фанатын құттықтаймын. Орта салмақта үш белбеуім барын ұмытпаңдар. Мен ораламын. Мен әлі чемпионмын, жігіттер.

Бұған дейін Головкин Канеломен трилогия туралы пікір білдірген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш