Головкин Канеломен трилогия туралы пікір білдірді

Головкин Канеломен трилогия туралы пікір білдірді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы кездесуден кейін пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жекпе-жекті неге соншалықты нашар бастағаным ба? Бұл жоғары деңгейдегі бокс. Бәрі де Канелоның кім екенін біледі. Оған қарсы кездесуде сәтсіз қадам жасасаң, сен үшін жекпе-жек бітетінін бәрі біледі. Бір соққы және жекпе-жек жеңіліспен аяқталады.

Канелоның қолын қысып, оның командасын құттықтағым келеді. Ол - ұлы жауынгер. Егер мұны түсінбесеңіздер, ештеңе де білмейсіздер", - деді Головкин. 

Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын. 

Ал одан кейін Канело Головкинге алғыс айтқан еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш