Рой Джонс, Ломаченко мен Найман Головкин - Канело жекпе-жегі туралы ойын айтты

Рой Джонс, Ломаченко мен Найман Головкин - Канело жекпе-жегі туралы ойын айтты
Фото: © instagram

Танымал боксшылар кіші Рой Джонс пен Василий Ломаченко, сондай-ақ файтер Қуат Хамитов Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кіші Рой Джонс Головкиннің керемет карьерасы болғанын айтып, оған сәттілік тіледі.

"Головкин қолынан келгеннің бәрін көрсетті. Десе де, жасы да әсер етеді. Ол қарсыласын жеңуге тырысты, бірақ қолынан келмеді. Менің ойымша, бастапқыда ол Андре Уордпен кездессе жақсы болар еді, бірақ ол Канелоны таңдады. Сол үшін оны құрметтеу керек. Оның кәсіпқой бокстағы карьерасы керемет болды, мен оған өмірінің келесі кезеңінде барлық жақсылықты тілеймін", - деді кіші Рой Джонс "Матч ТВ" арнасына.


Фото kazanfirst.ru сайтынан

Украиналық боксшы Василий Ломаченко да Геннадийдің жасын атап өтті.

"Бұл өте қызық болды. Тарихи сәт болды. Трилогия болды. Канело мықты болды, бірақ Геннадий тым қартайған шығар. Менің ойымша, Канело Биволмен реванш өткізуі мүмкін. GGG-ге келсек, білмеймін. Бұл оның шешімі. Ол қазір аңызға айналды. Карьерасын аяқтауы мүмкін", - деді Ломаченко FightSpace YouTube-арнасына берген сұхбатында.


Фото: Reuters

Қуат Хамитов те жерлесін мақтады.

"Геннадий Головкин - шын өмірде Рокки Балбоа! 40 жасында ең үздік боксшыға 12 раунд қарсы тұру - ерлік! Бүгінгі жекпе-жекті көргеннен кейін сыным дұрыс екенін түсіндім, өйткені Головкин бес жыл бұрын салмақ қосып, барлық белбеуді Альвареске дейін жинап ала алар еді, бірақ, өкінішке қарай, бұлай болмады. Қалай болғанда да, ол тарихта қалды. Чемпионға құрмет, ол қазақстандық кәсіпқой бокстың пионері және атасы болып қала береді", - деп жазды Найман Instagram-парақшасында.


©instagram.com/kuat__khamitov

Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын

Одан кейін Сауль Канело Альварес Головкинге алғыс айтқан еді. Головкин де мексикалықтың командасын құттықтап, карьерасы туралы сұраққа жауап берген.

Тоқаев Головкинге телефон шалды.

Артынша Головкин Канелодан жеңілісінің себебін түсіндірген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш