Канело Головкинмен жекпе-жекте жарақат алған, енді оған ота жасалады

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қарсы үшінші жекпе-жегінде сол қолын жарақаттап алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Енді оған ота жасалады. 

"Сол қолыма ота жасату керек. Тіпті стақан да ұстай алмаймын. Жағдай қиын, бірақ мен жауынгермін", - деді Альварес жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында.

Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын

Одан кейін Сауль Канело Альварес Головкинге алғыс айтқан еді. Головкин де мексикалықтың командасын құттықтап, карьерасы туралы сұраққа жауап берген.

Тоқаев Головкинге телефон шалды.

Артынша Головкин Канелодан жеңілісінің себебін түсіндірген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!