Ерке Есмахан Айнұр Тұрсынбаеваның Түркиядағы зәулім үйін көрсетті

Әнші Ерке Есмахан Instagram-парақшасында айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның Түркиядағы зәулім үйін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қонаққа келдік. Кіреберісте осындай әдемі гүлдер, қандай әдемі үй! Қоныс жайлы болсын, тойды жалғастырып, тойлауға келіп қалдық", - дейді әнші Stories-інде.

"Қандай әдемі дастархан. Қазір ет жейміз", - деді ол. 

Дастархан басында Ерке Есмаханмен бірге Қайрат Нұртас және оның анасы Гүлзира Айдарбекова отыр.

Айта кетейік, Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы Беклан келін түсіріп, бұл қуанышты жаңалықты әртістің өзі Желідегі парақшасында жазған еді. 

"Балиде де пәтері бар". Танымал қазақстандықтардың үйі қандай?

Еске салайық, бұған дейін айтыскер ақын ұлының тойын Түркияда дүркіретіп өткізгені хабарланған болатын. Желідегі сурет-видеоларға сүйенсек, той Түркиядағы JW Marriott Hotel Istanbul Marmara Sea қонақүйінде өткен. Сондай-ақ, Айнұр Тұрсынбаева белгілі әншіге тойдан ерекше сый жасаған еді.

Сонымен қатар, Айнұр Тұрсынбаева ұлының тойын яхтада жалғастырған еді. Мейрамбек Бесбаев Түркияда тойлатқан Айнұр Тұрсынбаеваға араша түскен болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!