"Ниетіңе риза болдым". Айнұр Тұрсынбаева белгілі әншіге тойдан ерекше сый жасады

"Ниетіңе риза болдым". Айнұр Тұрсынбаева белгілі әншіге тойдан ерекше сый жасады
Фото: Instagram

Кеше айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Түркияда ұлы Бекланның тойын дүркіретіп өткізді. Айтыскердің өзі де тойда әннен шашу шашқан. Ол осы әнін белгілі әнші Жазира Байырбековаға сыйға тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін қыз ұзатып жүрген әнші Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаеваның көңіліне қатты риза болғанын жеткізді.

"Айекем, келін құтты болсын! Жүзі жып-жылы, өзіңе ұқсайды екен. "Келініме арнап, ән шығардым, сол әнді саған сыйлаймын" деп айтқан ниетіңе қатты риза болдым. Көп рақмет! Айналаңа шуағыңды шашып жүресің, соған орай өзіңізге жақсы келін бұйырды деп ойлаймын. Мен бара алмасам да, саған шын жүрегіммен ана бақытын тілеймін", - деп жазды Жазира Байырбекова Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Айта кетейік, Желідегі сурет-видеоларға сүйенсек, Айнұр Тұрсынбаева ұлының тойын Түркиядағы JW Marriott Hotel Istanbul Marmara Sea қонақүйінде өткізген. Тойға қазақстаннан айтулы қонақтар, өнер адамдары қатысқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова