"Балиде де пәтері бар". Танымал қазақстандықтардың үйі қандай?

"Балиде де пәтері бар". Танымал қазақстандықтардың үйі қандай?

Танымал қазақстандықтардың өмірі қашан да ел назарында. Олардың өмірінде қандай жаңалық болса оқырмандарына қызық болып жатады. Елімізде танымал әншілер, кино саласының мамандары да жаңа пәтер алса, үй салса бірден парақшасына салып, сүйіншілетіп жатады. Танымал адамдар қандай баспанада тұрады? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.  

Мадина Сәдуақасованың су жаңа пәтері

Әнші Мадина Сәдуақасова жақында су жаңа пәтер сатып алды. Оның сөзінше, ол бұл үйді туған күні қарсаңында алған. 

"Ерекше күнде ерекше сыйлық! Жаңа пәтер! Алматының жоғары бөлігінде, таудың таза ауасы мен салқын лебімен, таңертең оянғанғанда бірінші Алатаудың сұлулығын көресің. Сүп-сүйкімді, іші ыңғайлы, ерекше дизайнмен жасалған күшті үй сатып алдық", - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Мадина Instagram желісінде жасаған рум-турынан заманауи үлгіде жасалған үйі екі бөлмелі екенін байқауға болады. Ас үйі бөлек, қонақ бөлме және жатын бөлмесі де бар. Ерекше назар аударатын нәрсе ол - жеке гардероб. Үй скандинав және минимализм стилі аралас үлгіде жасалған. Ас үй және қонақ бөлмеде ағаш элементтері көбірек қолданылған. 

Абай Бегейдің екі жыл бойы салған зәулім үйі

Биыл мамырда әнші Абай Бегей екі жыл бойы салған зәулім үйін көрсетті. Ол жер учаскесіне жаңадан үй салған. Парақшасында үйдің іргетасы қаланған сәттен бастап үйге қоныстанған кезіне дейін процесс көрсетілген видеоны жүктеген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Абай Бегей (@abai_begei)

Үйді салуда Абай Бегей құрылысшыларға да көмектесіп тұрған. Әнші желіге жүктеген видеосынан үй екіқабатты екенін аңғаруға болады. 

Үйде бірінші қабатында ас үй, қонақ бөлмелері болса, екінші қабатында төрт жатын бөлмесі мен жуынатын бөлме, одан бөлек, гардероб бар.  

Әсел Сәдуақасованың Балидегі пәтері

Бір уақыттары шетелде тұрып жатқан актриса, әнші Әсел Сәдуақасова Балидегі пәтеріне рум-тур жасаған болатын. 

Үйдің ас бөлмесі қонақ бөлмемен бірге. Жеке бассейні де бар. Одан бөлек, бірінші қабатта кең екі жатын бөлмесі бар. Әр бөлмеде жеке жуынатын бөлмесі бар. 

Ал әртістің үйінің екінші қабатында жазғы террассасы бар. Онда таңғы ас ішіп, достарымен жиналып отыруға болады. 

Айқын салып жатқан зәулім үй

Былтыр қыркүйекте әнші Айқын Төлепберген Алматыда екіқабатты зәулім үйінің құрылысын бастап кетті. Әншінің айтуынша, бұл оның арманындағы үйі болмақ. Әнші оқырмандарымен үйді салу процесін бөлісіп тұрады. Айқын жаңа үйінің құрылысы аяқталуға жақын екенін хабарлаған болатын. 

Шахизаданың үшқабатты үйі

Әнші Шахизада 2019 жылы су жаңа баспанасына көшті. Бұл туралы продюсере Гүлира Айдарбекова жазған болатын. Оның сөзінше, әнші үшқабатты үйде тұрады. 

"Шахизада құдашамның қуанышына ортақтасып, шашуымызбен кіріп шықтық. Еңбекқорлығында шек жоқ. Таза ауа, керемет көрініс. 3 қабатты шаңырағың құтқа толсын! Көлігің тоза берсін, өмірің оза берсін!", - деп жазды продюсер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Диета.kz тобының әншісі 30 миллионға үй салды

Диета.kz тобының әншісі Нұрбақыт Қарағай 30 миллионға үй салды. Әнші 2021 жылы қоныс тойын тойлаған. Бұл туралы ол НТК арнасына берген сұхбатында айтты. Әншінің үйінде ас бөлмені қоспағанда жалпы бес бөлме бар. Үй небәрі үш айда салынған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE's ?? (@zhuldyzdy_news)

"Қайрат ұлыма рақмет"

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың Алматыдағы пәтерін әнші Қайрат Нұртас алып берген. Бұл туралы продюсердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтқан болатын. 

"Әуелі Алла, екінші Қайрат ұлыма алғысым шексіз", - деп жазды Айдарбекова. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина