Қайрат Нұртас бас бостандығынан айырылуы мүмкін: әнші бұған дейін қанша рет істі болған?

Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы өнер иесі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотқа тартылды. Өнер иесі бұған дейін қанша рет істі болған? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. 

Әнші Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақтың бортында жолаушыны соққыға жыққаны белгілі болды. 

Өнер иесі бұған дейін қанша рет істі болған?

Бұдан екі ай бұрын Атыраудағы мейрамхана иесі танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртасты сотқа берген еді. Әнші жаңажылдық кеште өнер көрсетуге тиіс болатын. Алайда ұйымдастырушылар әншінің шамамен 5 миллион теңге болатын шығыстарын жаба алмайтындықтан концертті өткізбейтін болып шешім қабылдап, алдын ала ескерткен. Әншінің өкілдері 1000 доллар көлеміндегі авансты қайтаруға бас тартқан. 

Биыл сәуірде Қайрат Нұртас қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазаланды. Полицияның хабарлауынша, Қайрат Нұртасқа ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Былтыр өнер иесі жол ережесін өрескел түрде бұзған еді. Оқиға Жамбыл облысында болған. Сол кезде Mercedes-222 маркалы көлігін басқарған әншіге әкімшілік хаттама толтырылып, 10 350 теңге көлемінде айыппұл салынған еді. 

2021 жылы Қайрат Нұртас Алматыда карантин кезінде тойда өнер көрсеткені үшін айыппұл арқалаған еді. Оған 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!