Қайрат Нұртас қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

Қайрат Нұртас қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазаланды
Фото: instagram.com/kair_n

Әнші Қайрат Нұртас қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде бұған дейін қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас кейінгі концертінде балағат сөз айтқан видеосы тарады.

Осы видеодан кейін көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Бірі әншінің жазалау керек десе, енді бірі "Әркімде болып тұратын жағдай" деп Қайрат Нұртасты ақтаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @almaty_sergek_qz

Полицияның хабарлауынша, Қайрат Нұртасқа ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан