Қайрат Нұртас мінген көлік Жамбыл облысында өрескел ереже бұзған

Қайрат Нұртас мінген көлік Жамбыл облысында өрескел ереже бұзған
Фото: EGOV.PRESS Telegram-арнасынан алынған кадр

Әлеуметтік желідегі арналардың бірінде танымал әнші Қайрат Нұртас жол ережесін өрескел түрде бұзғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде бұл оқиға Жамбыл облысында болғаны айтылады.

"Тағы да мәдениет жаңалықтары. Халық әншісі Қайрат Нұртас Жамбыл облысы Қордай ауданында көлік жүргізу құқығынан айыратындай жол қозғалыс ережесін өрескел бұзды. Жүрген жеріне міндетті түрде зақым келтіретін пенде екен", - делінген жазбада.

Қайрат Нұртас дәл осы көлікпен әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше сурет-видео жариялаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Бұл оқиғаға қатысты Жамбыл облысы Полиция департаменті өкілі пікір білдірді. Полиция мәліметінше, оқиға 25 тамызда тіркелген, ал көлік тізгінінде әншінің жүргізушісі болған.

"Бұл дерек Қордай ауданы "Алматы-Ташкент" тасжолының 215-шақырымында болды. Бұл құқықбұзушылықты жасағаны үшін Mercedes-222 маркалы көлігінің 37 жастағы жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 601-бабы (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, 10 350 теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видеосы мен суреттері тараған еді. 

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, 14 маусымда Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. есімді азаматтың Lexus көлігін тоқтатқан.

"Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессив болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды.

Құқықбұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеріске алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіден мас екені белгілі болды", - делінген полиция хабарламасында.

Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады.

Ведомство мәліметінше, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-бөлігі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 613-бабы 1-бөлігі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 599-бабы 1-бөлігі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 600-бабы 1-бөлігі және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылған.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетіні хабарланды.

Кейін Қазнетте Төреғали Төреәлі Алматыда Land Cruiser айдап жүргені туралы хабар тарады.

Қамауда отырған Төреғали Төреәлі Алматыда көлік айдап жүргені рас па?

Алматының Полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

"Бұл - жалған ақпарат, яғни шындыққа жанаспайды. Әртіс Алматы полиция департаментінің әкімшілік-қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдау бөлмесінде әкімшілік қамауда өтеуді жалғастырып жатыр", - дейді тәртіп сақшылары. 

Ал 18 шілдеде әнші бостандыққа шықты

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова