Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті: зардап шеккендердің жағдайы қандай?

Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті. Жалал-Абад облысының денсаулық сақтау ұйымдарында түрлі жарақат алған 20 адам бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ға сілтеме жасап. 

Бес адам ауыр жағдайда жансақтауда жатқаны белгілі болды.

  • Жалал-Абад облыстық балалар ауруханасында 12 бала бар, оның 5-і жансақтауда;
  • Жалал-Абад облыстық клиникалық ауруханасында 1 адам;
  • Созақ аумақтық ауруханасында 3 адам;
  • Октябрь ауруханасында 4 адам.

"Қалған зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланады", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстандағы Созақ ауданында концерт кезінде оқушыларды жүк көлігі қағып кеткені хабарланды.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, ауруханаларға 9-16 жас аралығындағы 29 бала жеткізілген. Ал кейінірек зардап шеккендер саны көбейгені белгілі болды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!