Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті: зардап шеккендер саны көбейді

Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті: зардап шеккендер саны көбейді
Фото: видеодан алынған кадр

Қырғызстанда балмұздақ таситын жүк көлігі балаларды қағып кетті. Қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендер саны артты. Бұл туралы Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ке сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, зардап шеккендердің саны 32 адам болды. Олар балалар мен бір мұғалім.

Созақта мектеп оқушыларын соғып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол 48 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Порталдың хабарлауынша, оқиға орнына Ішкі істер министрі Ұланбек Ниязбеков барған. Бұл іс оның жеке бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Жалал-Абад облысы Созақ ауданындағы жайлауда балмұздақ тиеген фургон 29 оқушыны қағып кеткенін хабарлаған едік. Олардың жетеуі реанимацияда, үшеуінің жағдайы ауыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан