Жаңбыр, бұршақ, дауыл: демалыста ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 27, 28 және 29 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжам бойынша, 27 сәуірде жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 28-29 сәуірде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде 28 сәуірде жаңбыр жауады, солтүстік-батыста және солтүстікте 29 сәуірде нөсер жауады, бұршақ жаууы мүмкін; 29 сәуірде түнде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда - жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. 

Қазақстан бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады деп күтіледі. 

"Температуралық фонға келетін болсақ, жалпы алғанда күндізгі температураның біртіндеп көтерілуі күтіледі, бірақ 27-28 сәуірде түнде еліміздің солтүстік жартысында термометр 1-8 градус аязға дейін жетеді", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!