Оралда оқушы асылған күйде табылған

Оралда оқушы асылған күйде табылған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Оралда оқушы асылған күйде табылған. Қайғылы оқиға 8 сәуірде болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаменті оқушының денесі үйдің ауласындағы құрылыстан табылғанын хабарлады.

Ал жасөспірімнің әкесі ұлы 9-сыныпта оқығанын айтты.

"Ол - отбасымыздағы екінші бала. Ұлым шапшаң, көңілді және өмірге құштар болды. Жақсы оқыды, оның досы да көп еді. Көрші балалармен де араласатын. Спортпен шұғылданды. Егер ақша керек болса, менен немесе анасынан сұрайтын. Дүкенге барып, оларды қарындастарына тәтті алуға жұмсайтын. Оларды қуанту үшін дүкеннен шоколадты қарызға да алатын. Оларды қатты жақсы көрді, еркелетіп жүретін. Әрқашан оларға қамқор болды", - деді баланың әкесі.

Қайғылы оқиға болған күні әкесі ұлын жұмысқа кетіп бара жатқанда ұйықтап жатқанын көрген. Қайтып келгенде аулада жедел жәрдем, полиция қызметкерлері болыпты.

"Анасы оны сарайда асылып тұрған күйде тапқан. Өз-өзіне қол жұмсағанына сенбеймін. Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Ұлым махаббатқа бөленіп, жақсы өсті. 9-сыныптан кейін колледжге түскісі келді", - деді әкесі.

Тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектебінің оқушысы да қайтыс болғаны хабарланды. Артынша күдікті ұсталғаны белгілі болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова