Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектебінің оқушысы қайтыс болды

Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектебінің оқушысы қайтыс болды
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектебінің оқушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Есет батыр атындағы олимпиадалық резерв мектебінің сегізінші сынып оқушысы оқу орнында есінен танып, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Бір жылдан астам уақыт бұрын Бексұлтан Әбубәкір еркін күрес бөліміне қабылданған. 11 сәуірде сағат 21:30 шамасында жасөспірім құлап, есінен танып қалған. Жедел жәрдем шақырылды, бірақ Бексұлтан көлікте қайтыс болды. Баланың өлімінің себебі анықталып жатыр. 

"Мектеп қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр (денсаулығына ауыр зиян келтіру және міндеттерге жосықсыз қарау). Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Ақтөбе Полиция департаменті өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина