Косметолог беттің ісігін басуға көмектесетін әдісті атады

Косметолог беттің ісігін басуға көмектесетін әдісті атады
Фото: freepik.com

Таңертең ұйқыдан тұрғанда бет ісіп тұрса, жуынып болғаннан кейін жеңіл лимфа дренажды массаж жасау оны басуға жақсы көмектеседі. Бұл туралы косметолог, дерматолог Кристина Малкина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газете.Ru" сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, массажды қолмен жасауға болады, яғни ешқандай арнайы құрал қажет емес. 

"Массаж жасау арқылы беттегі лимфа тамырларының жұмысы басталады және сұйықтық қайта бөлінеді. Эффектті күшейту үшін лимфа дренаждық әсері бар маска қолдануға болады. Ал көздің астындағы аймаққа лимфа дренаждық әсері бар патч көмектеседі, олар майда әжімдерді тегістейді және теріні нәрлендіреді", - деді Кристина Малкина.

Оның сөзінше, беттегі ісінуді үй құрылғысының көмегімен де азайтуға болады.

"Су ішу режимі де маңызды екенін ұмытпаңыз. Ұйықтар алдында көп мөлшерде су ішпеген дұрыс, әйтпесе таңертең ұйқыдан қатты ісініп оянуыңыз мүмкін. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану да маңызды, ісінудің алдын алу үшін тұзды және ысталған тағамдарды тұтынбаған абзал", - деді косметолог.

Ағзаға ісінуді жеңуге көмектесетін тағы бір әдіс - лимфа және қанайналым жүйелерінің жұмысын бастап,  ағзадағы сұйықтықтың қайта бөлінуіне ықпал ететін таңертеңгі жаттығу. Маман жаттығу жасағаннан біршама уақыттан кейін нәтиже байқауға болатынын жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін ісінуді басуға көмектесетін 10 кеңес хабарланған болатын. 

  • Күні бойына аз уақытқа болса да жаттығуға уақыт бөліңіз;
  • Өзіңізге жеңіл массаж жасаңыз;
  • Бір орында тұрып секіріңіз;
  • Лимон қосылған су ішіңіз;
  • Бетті ыстық және суық сумен кезектестіре жуыңыз;
  • Таза ауаға шығыңыз;
  • Дұрыс тамақтаныңыз;
  • Уақытылы ұйықтаңыз;
  • Темекі мен алкогольден бас тартыңыз;
  • Ұйықтауға 3 сағат қалғаннан бастап су ішпеңіз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә