"Крокусқа" шабуыл жасағандардың бірі түсіргені айтылған болжамды видео пайда болды

"Крокусқа" шабуыл жасағандардың бірі түсіргені айтылған болжамды видео пайда болды
Фото: видео кадры

Желіде "Крокус Сити Холлдағы" теракттің болжамды видеосы тарады. Кадрлар шабуыл жасағандардың бірінің смартфонына түсірілгені айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кейбір БАҚ мәліметінше, шабуыл түсірілімдерін "Ислам мемлекетімен" (ДАИШ – Қазақстанда тыйым салынған ұйым – еск.) байланысты ресурстар жариялаған. Бұған дейін олар терактіге байланысты мәлімдеме жасап, концерт залына жасалған шабуылды "соңғы жылдардағы ең қатыгез" деп атаған болатын.

Бір жарым минуттық видеода террористер "Крокусқа" келушілерді атқылап, зардап шеккендердің бірінің тамағын орып жібереді, камераға түрлі ұрандар айтады. Этикалық себептерге байланысты видеоларды жарияламаймыз.

Бір күн бұрын ДАИШ тобы "Крокус Сити Холлдағы" терактіге байланысты кеңейтілген мәлімдеме жариялады. Мәлімдемеде шабуылға пулемет, тапанша, пышақ және Молотов коктейльдерімен қаруланған төрт содырдың қатысқаны айтылған. Хабарламада үш содырдың залдағы адамдарға оқ жаудырғаны, ал топтың төртінші мүшесі ғимаратты өртегені айтылған.

Шабуыл кем дегенде 300 адамның өмірін қиды немесе жарақат алды және оқиға орнында үлкен өртке себеп болды, делінген хабарламада. Сонымен қатар, ДАИШ лаңкестердің беті өңделген суретін жариялады.

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады. Атыс кезінде ғимаратта 6200-ге дейін адам болуы мүмкін – сол күні болуы керек концертке билеттер түгелге жуық сатылып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, 133 адам қаза тауып, тағы 140 адам жараланған.

Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады

Артынша Мәскеудегі терактінің хронологиясы жарияланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан