Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады

Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады
Фото: Aqorda.kz

Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды", - деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырады.

Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Еске салайық, бұған дейін Мәскеуде белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырды: ондаған адам қаза тапқаны хабарланған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә