Террористер ғимаратта 18 минут болған: Мәскеудегі терактінің хронологиясы жарияланды

Террористер ғимаратта 18 минут болған: Мәскеудегі терактінің хронологиясы жарияланды
Фото: Telegram - SHOT

Мәскеудегі террорлық әрекеттің хронологиясы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Shot телеграм арнасына сілтеме жасап.

Телеграм-арнадағы мәлімет бойынша, террористер ғимаратта 18 минут болған. 

  • Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған. 
  • 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 
  • Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 
  • 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған. 

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.  

Соңғы деректер бойынша, кемінде 40 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен

Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады

Соңғы мәліметтер бойынша, теракт салдарынан қаза тапқандар саны 82-ге жеткен

Тоқаев Мәскеудегі терактіге байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина