Теракт болған Мәскеудегі "Крокус сити холлдың" қазіргі күйі қандай?

Теракт болған Мәскеудегі "Крокус сити холлдың" қазіргі күйі қандай?
Фото: breakingmash

Теракт болған Мәскеудегі "Крокус сити холлдың" қазіргі күйі жайлы кадрлар пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mash телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Залда болған өрттің эпицентрі - көрермен отыратын зал. Террористер атыс шығарғаннан кейін залды өртеп жіберген. Қазіргі таңда үйінділерді жинау жұмыстары жүріп жатыр.  

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.  

Соңғы деректер бойынша, кемінде 40 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен

Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады

Соңғы мәліметтер бойынша, теракт салдарынан қаза тапқандар саны 60-қа жеткен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина