Мәскеудегі теракт кезінде қаза тапқандар саны көбейді

Мәскеудегі теракт кезінде қаза тапқандар саны көбейді
Фото: видео кадры

Ресейдің тергеу комитеті Мәскеудегі теракт кезінде қаза тапқандар саны 60-қа жеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, атыс болған концерт залында тергеу жұмыстары жүріп жатыр.  

Мәскеу облысының губернаторының сөзінше, стационарларда зардап шеккен 115 адам жатса, оның 60-ының жағдайы ауыр. 

"Қаза тапқандар саны 60-қа жетті, олардың саны әлі де көбеюі мүмкін", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.  

Соңғы деректер бойынша, кемінде 40 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен

Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина