Наурызда қанша күн демаламыз?

Биыл наурызда қазақстандықтар бірнеше күн демалады. Өйткені бұл айда атаулы мерекелер тойланады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ең ұзақ демалыс күндері бар айлар арасында наурыз да бар. Наурызда 8 наурызға орай қатарынан 3 демалыс күн және Наурыз мерекесіне орай 5 демалыс күн болады.

  •  8 наурызда қалай демаламыз?

- Бес күндік жұмыс аптасы: 8, 9, 10 наурыз - демалыс күндер;
- Алты күндік жұмыс аптасы: 8 наурыз - демалыс, 9 наурыз - жұмыс күні, 10 наурыз - демалыс.

  • Ұлыстың ұлы күнінде қалай демаламыз?

- Бес күндік жұмыс аптасы: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз - демалыс күндер;
- Алты күндік жұмыс аптасы: 21, 22, 23, 24 наурыз - демалыс, ал 25 наурыз - жұмыс күні.

Massaget.kz

Айта кетейік, 2024 жылы 249 жұмыс күні және 117 демалыс күні бар. Биыл жұмыс күндері ауыстырылмайды.

2024 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

Еске салайық, бұған дейін наурызда қазақстандықтарды маңызды өзгерістер күтіп тұрғаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!