2024 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

2024 жылы қазақстандықтар қалай демалады?
Фото: pixabay.com

2024 жылы қазақстандықтарды 249 жұмыс күн және 117 демалыс күн күтіп тұр. Алдағы жылы жұмыс күндері ауыстырылмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • Бес күн жұмыс істейтіндерге арналған күнтізбе:

Жаңа жылда демалыс аз ай - сәуір, бұл айда 22 жұмыс күн, 8 демалыс күн болады. Одан кейін ақпан, бұл жолы ақпанда 29 күн болады, оның ішінде 8 күн демалыс, бірақ 21-і - жұмыс күні.

Қазақстандықтар наурызда аз жұмыс істейді. Бұл айда барлығы 17 жұмыс күні және 14 демалыс күні болады.

2024 жылғы ең ұзақ демалыс қаңтар және наурыз айларында болады. Жаңа жылға орай 2023 жылғы 30 және 31 желтоқсанды қосқанда, 4 күн демалыс болады. Наурызда 8 наурызға орай қатарынан 3 демалыс күн және Наурыз мерекесіне орай 5 демалыс күн болады.

Шамамен 16 маусымда (нақты күнін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлі бекітпеген - еск.) қазақстандықтар Құрбан айтты тойлайды. Құрбан айт және православиелік Рождество сияқты діни мерекелер Қазақстанда демалыс күндері саналады, бірақ бұл екі күн де жаңа жылда жексенбіге сәйкес келеді.

Шілдеде Астана күні демалыс күніне сәйкес келуіне орай 3 демалыс күні күтіледі. Тамыз айында да Конституция күніне орай 3 демалыс күні болады. Ал қазан айында Республика күніне орай 3 күн, желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай 3 күн демалыс болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова