Наурызда қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтеді?

Наурызда қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтеді?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Наурызда қазақстандықтарды маңызды өзгерістер күтіп тұр. Massaget.kz тілшісі бірқатар өзгеріске шолу жасады.

  • Бірыңғай уақыт белдеуі болады

1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі бекітіледі. Сауда және интеграция министрлігі мәліметінше, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары әкімдіктері 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек. 

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов 

  • Блогерлер желідегі жарнаманы таңбалауға міндеттеледі

2 наурыздан бастап инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде жарияланатын онлайн жарнаманы таңбалауға тиіс. "Әділет" порталында желідегі жарнаманы таңбалау ережелерін белгілейтін бұйрық жарияланды. Ол ереже 2 наурыздан бастап күшіне енеді.

depositphotos.com

  • "9-20-25" бағдарламасы іске қосылады

Биыл 1 наурызда елімізде "9-20-25" бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.

depositphotos.com

  • Жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі

1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Бұл жыл сайын көктем мезгілінде республикалық маңызы бар жолдарды қыстан кейін сақтау және күтіп ұстау мақсатында қолданылады екен.

Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстары осы өңірлер тізіміне кіреді. Уақытша шектеу шаралары 1 наурыздан 1 сәуірге дейін қолданылады.

Tengrinews

  • Наурызда ауа райы қандай болады?

Наурызда елдің басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормаға жуық, шығыста, оңтүстік-шығыста және оңтүстікте -1 градустан жоғары болады деп күтіледі. Бұл жағдай Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қызылорда және Қарағанды облыстарының оңтүстік-шығысында, Жетісу және Абай облыстарында байқалады екен. 

Наурызда жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан жоғары, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте нормаға жақын болады: бұл Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында және Ақмола облысының солтүстік-батысында, Маңғыстаудың оңтүстік-шығыс жартысында, Қызылорданың оңтүстік-батыс жартысында және солтүстік-батыста Түркістан облысының оңтүстік-батысында.

depositphotos.com

  • Наурызда түлектер ҰБТ тапсырады

Наурызда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 27 ақпанда басталып, 10 наурызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеу 1-31 наурыз аралығында өтеді.

Instagram.com/testcenterkz

  • Наурызда қазақстандықтар қалай демалады?

Ең ұзақ демалыс күндері бар айлар арасында наурыз да бар. Наурызда 8 наурызға орай қатарынан 3 демалыс күн және Наурыз мерекесіне орай 5 демалыс күн болады.

  •  8 наурызда қалай демаламыз?

- Бес күндік жұмыс аптасы: 8, 9, 10 наурыз - демалыс күндер;
- Алты күндік жұмыс аптасы: 8 наурыз - демалыс, 9 наурыз - жұмыс күні, 10 наурыз - демалыс.

  • Ұлыстың ұлы күнінде қалай демаламыз?

- Бес күндік жұмыс аптасы: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз - демалыс күндер;
- Алты күндік жұмыс аптасы: 21, 22, 23, 24 наурыз - демалыс, ал 25 наурыз - жұмыс күні.

Massaget.kz

2024 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова