Сіз білесіз бе? Массагет порталының бір жылдық санағы

Сіз білесіз бе? Массагет порталының бір жылдық санағы

16 желтоқсан күні жұмыс жасағанына бір жыл толатын Массагет порталының бір жылдық есебін ұсынамыз. (Санақ 12-12-2012 күні жүргізіліп отыр).

Массагет порталында 9 айдар мен "Блогтар", "Бірге аударайық", "Форум" бөлімдері бар екені белгілі, оған қосымша маңызды мерекелерде арнайы жобалар жұмыс істейді. Осыған дейін Жаңа жыл, 22 НАУРЫЗ15 СӘУІР9 МАМЫРЕуро-2012Лондон-2012 арнайы жобалары ашылған болатын. Қазір порталымыздың бір жылдығына орай ашылған Бізге 1 жыл! арнайы жобасы жұмыс істеуде. 

Осы кезге дейін 9 айдарға 6475 материал жарияланды. Оның 46-сын портал оқырмандары жолдады. 

Массагет порталының шымылдығын түрген алғашқы үштік:

Айдарларда ең алғаш болып жарияланған материалдар:

Массагеттегі ең алғашқы сұхбат Әсел Сағатовадан алынды.

Массагеттегі ең көп қаралған үш материал:

Қызу талқыға салынған қызықты материал деп жігіттер мен қыздардың мәңгілік текетіресі жайлы жазылған жазбаларды айтар едік. Жігіттердің шабуылдары мен оған қыздардың айтқан жауаптары естеріңізде шығар? Сондай-ақ қызықты жазбалар тізіміне Апта кеңесі мен Келер аптаның 7 ісінI-dos жазбаларын қоса аламыз.

Бүгінде бір күнде орта есеппен 36 материал тұрақты түрде шығып тұрады. 

Блог

Блогтардың тақырыбы әрқилы. Студенттер, мектеп оқушылары, жалпы жастар блогтың белсенділері. Әу бастан-ақ аудиторияны осы жас шамасына негіздеген едік. Бұл тұрғыда жоспарымыз іске асып келеді.

Осыған дейін 3892 блог жазылды. 

Блогтардың шымылдығын түрген алғашқы үштік:

Байқап отырғандарыңыздай, Массагеттегі ең алғашқы блог: Қыздарға әсемдік жарасады... Авторы: Айнара Байжан.

Ең көп көрілген блог:

Жаңа клип! Қабыл алыңыздар! (Авторы: "Меломен" тобының мүшесі Жігер)

Орта есеппен бір күнде 10 блог жазылады. 

 

Бірге аударайық

"Бірге аударайық" бөлімінің өз аудиториясы жиналды. Корей сериалдарының фанаттары "Бірге аударайықтың" тұрақты қолданушылары әрі жанашырлары. Жанашыр дейтін себебіміз, қолданушыларымыз бүгінде сериалдар мен бейнебаяндарды аударуға белсенді түрде атсалысып отыр. Осы күнге дейін 6 сериалдың толық аудармасы мен 4 телехикая жарық көрді, ал аударылған әндер саны 60-қа жетті. 

Ең көп көрілген - "Менің сүйіктім" сериалының 1-бөлімі. Ол 7030 рет қаралды. "Күміс жүлде" 4938 рет көрілген "Таңғажайып баққа" (1-бөлім) кетсе, қаралым жағынан үздік үштікті 4893 рет қаралған "Жүрегімде қалған күз" (1-бөлім) қорытындылап тұр. 

Форум

Форумда айдарларға байланысты тақырыптар жүйеленген. Форумға қалдырылған барлық хабарламалар саны: 11296. Форумға тіркелген қолданушылар: 3489.

Форумда ең көп талқыланған үш тақырып:

Порталымызға жалпы саны 75866 пікір қалдырылды.

Ең алғашқы пікір Қайреке Серікұлына тиесілі. Ол Apple iPad2 жазбасына 2011 жылдың 20 желтоқсанында қалдырылған екен. "Ақша түссін, сатып аламын" депті. 

Google Analytics бойынша, бүгінде порталымызға орта есеппен бір күнде 10 мыңнан аса адам кіріп отыр. 

Жақында жарияланған конкурсқа үздіксіз жолданып отырған жазбаларға қарап отырып-ақ, портал өз аудиториясын жинады деп ойлаймыз. Бұл бізге үлкен шабыт береді. Порталдың өсуіне сайт қызметкерлерінің ғана емес, қолданушылардың да қосқан үлесі орасан зор. 

Алда да Массагет порталы осы қарқынмен жұмыс жасай бермек. Құрған жоспарларымыз көп. Массагет.кз - өз таңбаңды қалдыр! 

Мейіргүл Оңғарова

Сурет: goodfon.ru, favim.ru, novatek.com.ua

М. Оңғарова