Бет реңіңіздің түрін анықтаңыз

Бет реңіңіздің түрін анықтаңыз

Адам келбеті реңінің түрі деген не? Адамның шашы, көзі және тері түсіне ең лайықты түстердің жиынтығын келбеттің рең түрі деп атаймыз. Киім, макияж, аксессуар және шаш бояуын өз реңіңіздің түріне сай таңдасаңыз, ешқашан қателеспейсіз.

 

Кез келген адам өз келбетінің рең түрін анықтау жолын біле бермейді. Ендеше, бұл күрделі ғылымды бірге игеруге тырысайық!

Алдымен, адам келбеті 4 реңк түріне бөлінетінін есте сақтайық: көктемгі, күзгі, қысқы және жазғы. Жылы түстер қатарына қызыл-сары реңі басым «көктем» мен «күз» түрі жатады. Салқын «жаз» бен «қыс» түрлерінің көк түсі басым келеді. Енді әрқайсысына жеке тоқталайық.  

«Көктем» реңк түрі


«Көктем» түрінің негізгі түсі - сары. Бұл реңк түріне шашы табиғи ақ сары немесе ал қоңыр түстің барлық реңіне сай адамдар жатады: алтын, кәріптас, сары бидай түстес. Көктемгі реңк түріне жататын әйелдер көбіне бұйра, жұқа шашты келеді. Көздері көкшіл түстің ашық реңінен, сұр және жасыл түсті болуы мүмкін. Бет терісі ашық, жұқа, шабдалы не сүт түсіндей болады. Мұндай тері күнге нашар қараяды. «Көктем»- әйелге пастель (ашық жасыл, көгілдір, қоңыр-қызыл, маржан және шабдалының нәзік түстері) түсті киім таңдаған дұрыс. Мұндай реңк иелері - Кристина Агилера, Ева Герцигова, Анна Семенович, Елена Корикова, Кристина Арбакайте.

«Күз» реңк түрі

«Көктем» сары түс басымдылығымен ерекшеленсе, «күзге» қызыл түс гаммасы тән. «Күзгі» қыз-келіншектердің көзі негізінен қанық жасыл, ашық кәріптас немесе қоңыр түсті болады. Олар көбіне қалың бұйра шашты келеді. Ал шаш түсі қызғылт-сарының барлық реңін қамтиды. Бет терісі қою сары түсті, күн сәулесіне сезімтал, секпілді болады. Егер сіз осы рең түріне жатсаңыз, кірпіш не қыша түсінің жылы реңдерін, алтын түстес, жасыл, қоңыр не көгілдір түсті таңдаңыз. «Күз» рең түріне Мила Йовович, Джулия Робертс, Николь Кидман, Джулиана Мур, Милена Фармер жатады.

«Жаз» реңк түрі

Жазғы реңк түріне күлгін түсті немесе жирен шашты, сұр, жасыл, ашық қоңыр не мөлдір көк көзді, терісі зәйтүн немесе сұр реңді адамдар жатады. Дегенмен, бұл топ тері мен шаш түстерінің қарсыластығына қарай үш кішкентай топшаға бөлінетінін ескеру қажет. Жалпы, «жаз» түріндегі адамдарға нәзік, көп көзге түспейтін түстер ұсынылады. Мысалы, қызғылт, ашық көкшіл, сұр және көкшіл. Бұл реңк түрінің иелері — Жизель Бундхен, Сара Джессика Паркер, Перис Хилтон, Наталья Водянова.

«Қыс» реңк түрі

Қысқы реңк түрі де, шартты түрде, 2 топқа бөлінеді. Оның үстіне, екеуі бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Контраст топқа қою қара түзу шашты, бірақ аққұба қыздар жатады. Көздері ашық көк немесе қоңыр түсті болуы мүмкін. Ал екінші топ шоколад реңді қара бұйра шашпен, қара торы жүзбен және жасыл-қоңыр немесе қоңыр түсті көзбен сипатталады. Екі топқа да классикалық қара және ақ түстер, қызғылт және күлгін түстің қара реңдері, қоңыр түс, көкшіл түстің ашық емес реңдері жарасады. «Қысқы» реңк түріне жататын атақты адамдар — Қарақат Әбілдина, Айшвариа Рай, Моника Белуччи, Салма Хайек, Анжелина Джоли, Оксана Федорова, Тина Канделаки.

Суреттер: baq.kz, volosiuh.com, voloskova.ru, freshjournal.ru, kostumchik.ucoz.ru