Ғарышта алғаш рет пицца пісірілді

Ғарышта алғаш рет пицца пісірілді
Фото: vk.com

Паоло Несполи есімді италиялық ғарышкер Халықаралық ғарыш станциясында өткізген 4 ай уақыттың ішінде туған жерін қатты сағынып, соны басу мақсатында әріптестерін пицца жасауға үгіттейді. Өзге ғарышкерлер де адамзат тарихында ғарышта алғаш рет пицца дайындаған адамдар қатарында болуға қарсылық білдірмейді.

Ғарышкерлер Италияның ұлттық тағамын дайындау үдерісін толықтай видеоға түсіріп алады. Оның құрамына енетін ингредиенттерді ХҒС басқа жүкпен бірге салонға жеткізген. Қолға тиген ірімшік, нан және соустан пицца дайындалып, ғарышкерлер оны арнайы портативті пеште пісірген.

А. Оралқызы