Жер шары 20 жылда қалай өзгерді?

Жер шары 20 жылда қалай өзгерді?
Фото: 360tv.ru

Америкалық NASA ғарыш агенттігінің қызметкерлері климаттың өзгеру салдарын баяндайтын анимациялық бейнеролик дайындады. Бұл соңғы 20 жылда болған өзгерістерді қамтиды. 

Бейнеролик NASA Goddard Youtube арнасында жарияланды. 

Бұған арнайы спутниктік суреттер пайдаланылды. Алғашқы суреттер 1997 жылы түсірілген. Бейнероликтен планетадағы мұздықтар мен қар жамылғыларының мөлшерін өзгергенін, екі онжылдықта Арктиканың жасылға айналғанын және бірқатар облыстарда "биологиялық бос орындар" қалыптасқанын көре аласыз.

2017 жыл метеорологиялық бақылаулар тарихында ең ыстық жылдардың үштігіне енген. Ғалымдар бұл әрекеттерді адам қызметінің нәтижесінде туындаған ғаламдық жылынуға: көмірсутекті отын мен ормандарды жоюымен байланысты екенін алға тартады. 

Ж. Жұмағұлов