Шай ішудің зияны неде?

Шай ішкен пайдалы. Бірақ оны орнымен, дұрыс іше білу керек. Олай болмаса, ағзаға зияны тиіп кетуі мүмкін. Оның мынандай зияны бар.

Табиғи биоырғақты бұзады. Шайдың құрамында кофеин бар. Кофеин адамның ұйқысын қашырады. Шайды кешке ішуді әдетке айналдырған адамның ұйқысы дұрыс болмауы мүмкін. Ұйқы бұзылғасын, адамның иммунитеті түсіп, салмақ қосып, толып кетуі ықтимал. Содан адамның биоырғағы, яғни, ұйқысы мен жүріс-тұрысы бұзылады.

Қатерлі ісік. Шайды аса ыстықтай ішуге болмайды. Ыстықтай ішкен шай күннің бір күні асқазан қатерлі ісігіне әкеледі. Ғалымдардың айтуынша, шайды 65 градустан ыстық күйде ішуге болмайды. Барынша суытып ішкен абзал.

Темірді азайтып жібереді. Шайдың құрамындағы заттар ағзаға темірдің сіңуіне кедергі келтіреді. Зерттеушілердің айтуынша, асқазанға тамақпен түскен темірдің 94 пайызын шайдың құрамындағы танин жойып жібереді екен. Ал ағзаға темір жетпесе, көптеген аурулардың беті ашылуы мүмкін.

Шайдың пайдасын сезіну үшін дұрыс іше біліңіз