Әлемдегі «бақытты елдер» рейтингінде Қазақстан қай орында?

Әлемдегі «бақытты елдер» рейтингінде Қазақстан қай орында?
Фото: youtube.com, ibtimes.co.uk

БҰҰ қолдауымен АҚШ-тың шығыс Колумбия университеті әлемдегі «бақытты елдердің» рейтингін түзді. Қазақстан бұл рейтингте 54-орнын сақтап қалды.

Жыл сайын жарияланатын рейтинг 157 елдің экономикалық (жалпы ішкі өнім), әлеуметтік (азаматтық еркіндік, жемқорлық деңгейі, орташа өмір сүру ұзақтығы) және моральдық (жомарттық, кең пейілділік) көрсеткіштері бойынша түзілген.  

Біріккен Ұлттар Ұйымының бұл арнайы «World Happiness Report» зерттеу жұмысындағы «бақытты» елдер көшін Дания бастады. Скандинавия түбегінде орналасқан ел өткен жылы бірінші орында тұрған Швейцарияны басып озды. Швейцария екінші орынға сырғыса, үштікке Исландия енген.

Әлемдегі «бақытты елдер» ондығы

1. Дания

2. Швейцария

3. Исландия

4. Норвегия

5. Финляндия

6. Канада

7. Нидерланд

8. Жаңа Зеландия

9. Австралия

10. Швеция

О. Сансызбай