Түнекті жарып шыққан «Қазақстан»

Түнекті жарып шыққан «Қазақстан»

Алматыдағы атақты «Қазақстан» қонақ үйі. Дәл мұндай таза тұман оңтүстік астанада тек көктемгі жылымықта жауған қардан кейін ғана, таң ата немесе түнге қарай пайда болады. Қаланы көмкерген тұманды қалың көрпеге ұқсатуға да болатындай. Ол біресе қаланы жауып, біресе қайта қайтып, көз алдыға керемет суретті елестетеді. Ал «қалың көрпе» астында қаланың шамдары жарқырап, түнгі аспандағы жұлдыздай жымыңдайды. «Дәл осы сәтті үш жыл күттім. Тек биыл ғана «аңдығанымды алдым». Түнгі сағат үш шамасында Көктөбе тау шатқалынан түсірудің сәті келді», – дейді фото авторы Максим Золотухин.

Дереккөз: nationalgeographic.kz

 

Г. Берік