Қазақстандық спортшы вингсьютпен секіруден рекорд орнатты
![Қазақстандық спортшы вингсьютпен секіруден рекорд орнатты](/userdata/news/news_33376/image_l.jpg)
Фото:
www.youtube.com
Артем Филиппов вингсьютпен секіруден Қазақстан рекордын жаңартты. Ол 12 қазанда АҚШ-тың Мемфис штатында вингсьютпен және парашютпен 9 мың метр биіктіктен секірді.
Спортшы 18 шақырымды 4 минут 30 секундта бағындырды. Айта кетейік, секіру кезінде "борттағы" температура Цельсий шкаласы бойынша минус 45 градустан төмен болды. Ол оттегі маскасын киіп, жоспарланған жеріне сәтті қонған.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін