Бүкіл әлемді шарлаған саяхатшы кеңестері

Бүкіл әлемді шарлаған саяхатшы кеңестері
Фото: www.businessinsider.com

40 жасар норвег саяхатшысы Гуннар Гарфорс жұмысынан бір күнге де сұранбай саяхат жасап, рекорд орнатты. Гуннар 17 жасынан саяхаттауды бастаған, бұл оның сүйікті ісіне айналады.

Гуннар Гарфорс есімді норвег саяхатшысы өзінің жеке сайтында 198 елді қалай санағанын жазады. Расында БҰҰ мүше елдер саны небәрі – 193. Ал әлемнің көптеген елдері тәуелсіздігін мойындаған Палестина мен Ватикан БҰҰ-ға мүше емес. Сонымен қатар, халықаралық ұйымның жартылай мойындаған елдерінің қатарында Косово, Батыс Сахара (САДР) және Тайуань мемлекеттері бар. Назарларыңызға бүкіл әлемді шарлап шыққан саяхатшының кеңестерін ұсынамыз.

1. Баратын өлкенін карталарын алдын ала дайындаңыз

Өзіңізге белгісіз болған елге саяхатқа шықпас бұрын смартфоныңызға қажет болатын онлайн карталарды жүктеп алыңыз. Осылай сіз интернет роумингінде ақша үнемдей аласыз. Әрине Wi-Fi бар болуы мүмкін. Дегенмен ол кез келген елде қолжетімді бола бермейді. Тіпті ақылы болатын жерлер де кездеседі.

2. Қолма-қол ақша алып жүріңіз

Норвегияда несие картасын кез келген затты сатып алу үшін қолдана аламыз. Дегенмен банкомат қызметі Замбия, Панама немесе Тувалу сынды елдерде жоқ. Сәйкесінше ешқандай банк картасын қолдана алмайсыз. АҚШ доллары әлемдегі барлық елде қолданылады. Ал еуро Еуропа елдерінің бұрыңғы отар елдерінде сұранысқа ие.

Жолда мұқият болған жөн. Сізді жарты жолда қалдыратын алаяқтар мен әмияныңызды қол сұғатын тәжірибелі ұрылар жиі кездеседі. Кейде полицейлер де дөрекілік танытып, ақша талап етеді. Сондықтан қолма-қол ақшаңыздың көп бөлігін ішкі қалталарыңызда сақтаңыз. Ал ұсақ ақшаларды арнайы осындай жағдайларға бөліп алыңыз.

3. Саяхат барысында көп уайымға салынбаңыз

Саяхатқа демалу үшін шыққандықтан, үйдегі не жұмыстағы мәселелерді біршама уақытқа ұмытыңыз. Өзіңізбен бірге көп жүк те алып шықпаңыз. Себебі кейбір тарнспорт өкілдері жүктің көлеміне қарай артық ақша төлеуді талап етеді. Одан бөлек, ауыр жүкпен саяхаттың ләззатына бөлене алмайсыз.

4. Гаджет адаптерлерін ұмытпаңыз

Қазіргі таңдағы гаджеттердің батареясы күнделікті қуаттауды талап етеді. Сондықтан смартфон аксессуарларын баратын елдің розеткасына сәйкес келуін мұқият тексеріңіз. АҚШ, Ұлыбритания сынды елдерде олар әртүрлі болады.

5. Билеттер мен байланыс номерлерін қағазға шығарып алыңыз

Кейбір елдердің шекара қызметіне кері ұшатын билетіңізді көрсетпесеңіз, территорияға кіргізбейді. Әсіресе бұл АҚШ-та мұқият тексеріледі. Сонымен қатар, уақытша тұрақтайтын қонақ үйге жасаған броныңызды талап етуі ықтимал. Әрине мұндай мағлұматтар смартфоныңызда немесе планшетіңізде жүктелген болуы мүмкін. Дегенмен шекарада гаджеттеріңізді ашып көрсетпегеніңіз жөн. Шекарашылар оларды тартып алуы мүмкін.

6. Жергілікті елдің тағамын тұтыныңыз

Шындығында, Азияға саяхат жасап, үнемі Еуропа тұрғындарының әдеткі тағамдарын тұтына алмайсыз. Әртүрлі жәндіктердің құрамында адам ағзасына пайдалы ақуыздар мол болады. Оның тұтына алмағаныңыздың өзінде, азиялықтардың жәндіктерге деген тәбетін өз көзіңізбен көресіз. 

Ж. Өрісбай