Парагвай – Американың жүрегі

Парагвай – Американың жүрегі
Фото: tourmaster.by

Бүгін, 12 қазан – Парагвай халқы тәуелсіздік алған күн. Атаулы күнге орай Парагвай Республикасы жөнінде бірнеше дерек келтірейік.

Парагвайдың ең биік шыңы Cerro Pero тауы, оның биіктігі 842 метрге жетеді.

Су энергиясы, ағаш, темір кені, марганец, әктас сынды табиғи ресурстарға бай.

Парагвай астанасы Асунсьон қаласының негізін 1537 жылы зерттеуші Juan de Salazar y Espinoza салған.

Гуарани тілінен аударғанда «парагвай» сөзінің мағынасы «ұлы өзен» деген ұғым береді. Оны кейде «Американың жүрегі» деп те атайды.

Ресми тілдері – гуарани және испанша.

Ресми ақша бірлігі ретінде парагвайлық гуарани қолданылады.

Ересек адамдардың сауаттылығы 94%-ды құраса, орташа өмір сүру деңгейі – 71 жас.

Халықтың 95%-ы испандар мен жергілікті үндістерден туған метистер.

Құқықтық жүйесі Аргентинаның кодекстері, Римнің құқықтары, Француздың кодекстік заңдары негізінде жасалған.

Парагвай атауы елді екіге бөліп тұратын Шығыс Парагвай және Батыс Парагвай өзендері атымен аталған. Елдің көп бөлігі шығыс жағында, тек 2-3% халық қана батыс жағында тұрады.

Парагвайдағы ең алғашқы теміржол 1858 және 1861 жылдары салынды.

Басты экономикалық саласы – ауыл шаруашылығы және мүйізді ірі қара өсіру.

Парагвай туы елден ерекше. Оның екі жағына екі түрлі бейне салынған. Оң жағында ұлттық елтаңба, ал келесі бетінде қазыналық мөр таңбаланған.

Соя шығару ісі бойынша әлемде үшінші орын алады.

@. @assel_assanova