Теңге әлемдегі ең үздік ақша болып танылды

Теңге әлемдегі ең үздік ақша болып танылды
Фото: Forbes.kz

Халықаралық банкноталар бірлестігі (IBNS) осымен екінші жыл қатарынан қазақстандық теңгені жыл банкнотасы деп жариялады. 

IBNS біздің 5 000 теңгелік купюраны 2012 жылы әлемде шығарылған жүз банкнотаның ішінен таңдапты. Сонымен отандық теңге дизайны, шығармашылық деңгейі, техникалық орындалуы жағынан үздік деп танылған. 

Қазақстан банкноталары осыған дейін де халықаралық жүлделерге ие болған еді. 2007 жылы ҚР Ұлттық банкінің жаңа банкнотасы Халықаралық Валюта Ассоциациясының (IACA) тағайындаған жылдың ең үздік жаңа сериясы жүлдесіне ие болған еді. Сол жылы тағы да Бангкокте 10 000 теңгелік купюра "Үздік жаңа банкнота" номинациясы бойынша топ жарды. Ал 2008 жылы 5000 теңгелік банкнотадағы теңгенің 15 жылдық мерейтойына арнап шығарылған "SPARK" қорғаныс элементі банкнота қауіпсіздігі жөнінен ең үздік инновация деп танылды. 

2011 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай шығарылған 10 000 теңгелік естелік банкнотасы Халықаралық банкнота бірлестігінің (IBNS) "2011 жылдың үздік банкнотасы" деген жүлдеcін еншіледі.  

Б. Қосмағамбет