Қытай жанкүйерлері Димаштың әлемге танымал болғанын қалайды

Қытай жанкүйерлері Димаштың әлемге танымал болғанын қалайды
Фото: vk.com

Талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Франциядан оралды. Әуежайдан бірнеше жанкүйер оны әдеттегідей құшақ-құшақ гүлімен күтіп алды. Ол кеше Шанхай қаласында  "Go Star 2017" F1 фестиваліне қатысып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. 

Қытайлық dears күтпеген жерден тосынсый жасады. Концертте Димаштың туған күніне шанхайлықтар торт сыйлады. Олар сүйікті әншілерінің әлемге танылғанын қалайды. 

Әнші аталған кеште өзінің авторлық әні "Көркемімді" жанкүйерлермен қосыла шырқады. 

"I am singer" жобасының 5-кезеңінде орындаған Бруно Марстың әйгілі "Uptown funk" әнін айтып, көрермендердің көңілін көтерді.

Сонымен қатар ол бағын ашқан "SOS d'un terrien en detresse" әнін орындады.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш 70-Канн фестивалінде қонақ болды. Фестивал аясында ол бірнеше ән орындап, француз жұртшылығын тәнті қылды. Алдағы маусым айында әншінің "Бастау" атты жеке шығармашылық концерті өтеді. Билеттерді мына жерден ала аласыздар. 

Ж. Жұмағұлов